• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Елорда 21 Шілде, 2021

Елорда жастарына арналған зияткерлік жоба басталды

665 рет
көрсетілді

Елордада 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған «Brain games» зияткерлік ойындар жобасы іске қосылды. Бұл туралы брифингте Нұр-Сұлтан қаласының ішкі саясат бөлімінің бастығы Дәурен Бабамұратов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірқатар шараларды жүзеге асырды. Осы мақсатта 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған «Brain games» зияткерлік ойындар жобасы басталды. Ол жыл соңына дейін жалғасады», деді Дәурен Бабамұратов.

Оның айтуынша, жастар арасында «Не? Қайда? Қашан?» халықаралық интеллектуалды ойыны ұйымдастырылған. Ойынға Нұр-Сұлтан қаласындағы «79 мектеп-лицейі» КММ мен Мәскеу қаласының №705 мектебінің командалары қатысты.