• RUB:
    5.27
  • USD:
    480.63
  • EUR:
    535.13
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Шілде, 2021

Тәжікстанда қатты селден 12 адам қаза тапты

683 рет
көрсетілді

Тәжікстанның Соғды облысында сел жүріп, 12 адам ажал құшты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Тәжікстан Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, Киштудак ауылының маңында жүрген сел 10 адамды жайылымға ағызып әкеткен.

«Ауданның Заравшан аймағындағы ТЖМ құтқарушылары Киштудак ауылының 8 тұрғынын балшық астынан шығарып алды. Тағы екеуін іздеу жалғасуда», деп хабарлайды Азия-Плюс республиканың төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз орталығына сілтеме жасап. 

Министрліктің хабарлауынша, тағы екі әйел 19 шілдеде Дашти Кози ауылындағы сел салдарынан қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар