• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

ЕЛДЕСТІРМЕК – ЕЛШІДЕН

1180 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасындағы елшілерден Сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Президентке Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Король­ді­гінің Төтенше және өкілетті ел­шісі Дэвид Джон Моран, Беларусь Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Валерий Брылев, Иран Ислам Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Горбан Сейфи, Түркіменстанның Төтенше және өкілетті елшісі Мақ­тымқұлы Ақмырадов Сенім грамо­таларын тапсырды. Рәсімде сөз алған Н.Назарбаев елшілерді дипломатиялық қызмет­те­рінің басталуымен құттықтады және олардың қызметі екіжақты қа­рым-қатынастарды жан-жақты кеңейтуге және тереңдетуге, олар­дың ұзақ мерзімдегі дамуын қам­та­масыз етуге айтарлықтай ықпал ететініне сенім білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан еліміздің ірі сауда серіктесі болып табылатын және қазақстандық эко­номикаға тіке инвестиция тарту кө­лемі жағынан төртінші орынға ие Ұлыбританиямен ынтымақтастыққа үлкен мән беретінін атап өтті. – Лондондағы қазақстандық-бри­таниялық сауда-өнеркәсіп кеңе­сінің келесі отырысының күн тәр­ті­біне екіжақты байланыс­тарды кеңейту және тереңдету жө­ніндегі тиімді шаралар енгі­зілуі қажет деп есептеймін, – деді Н.Назарбаев. Президент Қазақстан мен Бела­русь ынтымақтастығы жаңа сапалы деңгейге көтерілетінін атап өтті. – Біз БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ аясында халық­ара­лық аренадағы ынтымақтас­тық­ты белсенді жалғастырып келеміз. Біздің Кеден одағын құру бойынша бірлескен жұмысымызды ерекше атап өткім келеді. Бірыңғай эко­но­микалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды келешекте бірлесе отырып белсенділікпен жүргіземіз деген үміттемін, – деп атап өтті Мемлекет басшысы. Қазақстан Иранмен дәстүрлі достық және серіктестік қарым-қатынастарға үлкен мән береді. – Біз халықаралық аренада, со­ның ішінде ИКҰ, ШЫҰ және ЭҚҰ тәрізді ұйымдардың аясында та­бысты байланыс орнатып отырмыз. Қазақстанда Азиядағы өзара ық­палдастық және сенім шаралары жө­ніндегі кеңесті, сондай-ақ Әлем­дік және дәстүрлі діндер көшбас­шы­лары съезін шақыру жөніндегі бас­таманы Теһранның қолдауы жо­ғары бағаға ие, – деді Президент. Қазақстан сондай-ақ Түркі­мен­станмен өзара тиімді ынтымақ­тас­тықтың одан әрі дамуына қызы­ғушылық танытады. – Екі елдің арасында бірлескен ірі жобалар табысты жүзеге асы­рылуда – біз мұнай-газ секторын­да­ғы ынтымақтастық туралы келіс­тік, біз Түркіменстан арқылы Иран­ға жол салудамыз – бұл кө­лік-транзит кешенін құрауда ма­ңызды. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақ­тас­тық дамитын болады, – деп атап өтті Н.Назарбаев. Брифингте сөз алған Дэвид Джон Моран Қазақстанда елші бо­лып қызмет атқару өзі үшін үлкен құрмет екеніне тоқталды. – Британия Қазақстанмен қа­рым-қатынастарды дамытуға үлкен мән береді. Екі елдің арасында саяси, іскерлік, білім беру, мәдени және әскери салалардағы екіжақты байланыстар кең ауқымда дамып келеді, – деді британиялық елші. Беларусь Республикасының елшісі Қазақстанның табыстарына жоғары баға берді. – Менің елші қызметіндегі жұмысым біздің елдердің халқын одан әрі жақындастыруға бағытта­латын болады деп үміттенемін, – деді Валерий Брылев. Горбан Сейфи Қазақстан мен Иран екіжақты форматта, өңірлік әрі халықаралық ұйымдар түрінде өзара қарым-қатынастарды табыс­ты жүргізіп отырғанын атап өтті. – Иран мен Қазақстан ара­сын­дағы қарым-қатынастар анағұрлым белсенді дамуы үшін өз қызметімді белсене атқарамын деп ойлаймын, – деп атап өтті Иран Ислам Рес­публикасының елшісі. Түркіменстан елшісі Қазақстан мен Түркіменстан арасында бірде-бір ше­шімін таппаған немесе проб­лема­лық мәселе жоқ екеніне назар аударды.