Америкалық журналист Дэн Рафаэль Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Муратаның (16-2, 13 КО) жекпе-жегі бойынша келіссөздер туралы жаңа ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
«Келіссөздер жүріп жатыр, олар шарттарды талқылау сатысында, ал лагерьлер арасында түзету туралы ұсыныстар бар», делінген дереккөздерде.
Бастапқыда Головкин - Муратаның жекпе-жегі 31 желтоқсанда Токиода Tokyo Dome аренасында өтеді деп жоспарланған болатын, алайда бұл жекпе-жек басқа күнге және басқа жерге ауыстырылуы мүмкін.
«Жекпе-жек 28 желтоқсанда Токиодан тыс Сайтамада Saitama Super Arena-да өтеді», деп жазды Рафаэль.