Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыраны ұшты, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ракетаның бортында «Наука» деп аталатын көпсалалы зертханалық модуль бар.
Ұшқаннан 10 минут өткен соң зымыранның негізгі бөлігі тасымалдаушысынан бөлініп, жермаңы орбитасына шықты. 29 шілдеде аппарат Халықаралық ғарыш станциясына жетеді.