• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Шілде, 2021

Дубай әуежайында екі ұшақ соқтығысты

305 рет
көрсетілді

Бейсенбі күні Дубайдан Бішкекке жол тартқан Flydubai ұшағы жермен жүру жолында бахрейндік Gulf Air әуекомпаниясының ұшағымен соқтығысты, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

«Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Олар кейінірек шыққан рейспен ұшып кетті. Flydubai билікпен бірге оқиғаның мән-жайын тергейтін болады», деді әуе тасымалдаушысының ресми өкілі.

«Дубай халықаралық әуежайында ұшақтарының бірі апатқа ұшырап, жерде тұрған басқа бір әуе кемесі ұшақтың артына соғып кеткен», деп хабарлады Gulf Air әуе тасымалдаушысының өкілі.