• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Елорда 23 Шілде, 2021

Демалыс күндері Нұр-Сұлтанда автобустар жүре ме?

359 рет
көрсетілді

City Transportation Systems көлік компаниясы демалыс күндеріндегі автобус қозғалысына қатысты мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды.

Сенбі және жексенбі, 24-25 шілде күндері қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді.

Автобустарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды», деп ескертеді көлік компаниясы.