• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Шілде, 2021

АҚШ Солтүстік Кореяға вакцина жеткізуден бас тартты

251 рет
көрсетілді

Америка Құрама Штаттары CОVID-19-ға қарсы вакциналарын Солтүстік Кореяға жеткізуден бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz Korea Herald-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі мәлімдеді. Ол Вашингтонның әлі де «Солтүстік Кореядағы гуманитарлық жағдайға қатты алаңдайтынын», бірақ вакциналармен бөлісуге ниеті жоқ екенін айтты.

«Қазір бізде КХДР-мен вакцина бөлісу жоспарда жоқ. Сайып келгенде, КХДР-ға қатысты саясатты қайта қараудың мақсаты - өз мүдделерін қорғау ғана емес, сонымен бірге Солтүстік Кореядағы гуманитарлық жағдайды жақсарту», делінген хабарламада.

Сонымен бірге Прайс Пхеньян америкалық дәрі-дәрмектерді алуға келісім беретініне күмәнданатынын атап өтті.

Бұған дейін ДДҰ Солтүстік Кореяда аурудың бірде-бір жағдайы тіркелмегенін айтқан болатын.