• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 23 Шілде, 2021

Қазақстанда цемент импортына рұқсат берілді

247 рет
көрсетілді

Қазақстанда цемент импортына салынған тыйым 2021 жылғы 23 шілдеден бастап алынып тасталды, деп жазады Egemen.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді цементті клинкерлер, портландцемент, өзге де портландцемент, глиноземді цемент, гидравликалық цементтерді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 2523100000, 2523290000, 2523300000, 2523900000) үшінші елдерден алуға болады.

Импортқа салынған тыйымды алып тастау арқылы батыс өңірлерде нарық толығып, республика аумағында цемент өнімінің бағасы төмендейді. 

Естеріңізге сала кетейік, отандық цемент өндірушілерді қолдау үшін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі үшінші елдерден цемент импортына тыйым салу туралы 2021 жылғы 30 сәуірдегі №216 бұйрық шығарған еді. Алайда, қоғамда цемент бағасының өсуіне және оның ішкі нарықтағы жетіспеушілігіне қатысты мәселелер пайда болды. Осыған орай Министрлік сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына аталған тыйымды жою туралы бұйрық жобасын ұсынды.