• RUB:
    5.4
  • USD:
    464.72
  • EUR:
    496.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Шілде, 2021

Шымкентте есірткі таратқандар қамауға алынды

283 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан бес күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Шымкент қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан бес күдіктіні қамауға алды.

Күдіктілер жалға пәтер алып, онда есірткі заттарын алдын ала бөлшектеу арқылы сатуға даярлап, түнгі уақытта қала аумағындағы жасырын орындарға тығып жүрген.

Есірткіні қалдырған орындар туралы олар әлеуметтік желідегі есірткі саудасына арналған арнайы парақшада ақпарат беріп, ақшалай қаражат алып отырған.