Вашингтонның Ақ үйге жақын аудандарының біріндегі мейрамхана жанында белгісіз біреу оқ жаудырды. Салдарынан екі адам жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС сайтына сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, қарулы адам Ақ үйден 1,5 км қашықтықта орналасқан мексикалық мейрамханаға қарай оқ атқаннан кейін көлігімен қашып кеткен.
Жергілкті бұқаралық ақпарат құралдарының дерегінше, елдегі зорлық-зомбылық қылмыстарының деңгейінің төмендеуіне қарамастан Американың көптеген қалаларында атыс қаруын қолданып шабуыл жасаушылар саны өсуде.