• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Шілде, 2021

Қырғыз Президенті коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

193 рет
көрсетілді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 23 шілдеде коронавирустық инфекцияның жаңа түріне (COVID-19) қарсы вакцина алды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Садыр Жапаров және оның ұлы вакцинаның алғашқы компонентін ел астанасындағы жылжымалы вакцинация орталықтарының бірінде қабылдады. Садыр Жапаровқа вакцинация паспорты берілді. 

Президент вакцинация ерікті және оны мәжбүрлі түрде ұсынуға ешкімнің құқығы жоқ екенін атап өтті. 

Ол Қырғызстан бюджет қаражаты есебінен 1,1 миллион доза Sinopharm вакцинасын сатып алғанын айтты. Сонымен қатар Ресей Федерациясынан 120 мың доза вакцинаның партиясы сатып алынған, ал 10 мың доза тегін берілген. Мемлекет басшысы Sinopharm вакцинасының 1 миллион 250 мың доза мөлшеріндегі қосымша партиясы жақын арада алынатынын жеткізді.