• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Шілде, 2021

Қытайдың АҚШ-қа қарсы санкциялары тиімді ме?

309 рет
көрсетілді

Ақ үй Қытайдың АҚШ-қа қарсы санкцияларының тиімсіздігін мәлімдеді. Джен Псакидің айтуынша, Бейжіңнің шектеу шаралары Вашингтонды тоқтатпайды, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС сайтына сілтеме жасап. 

Америка Құрама Штаттары өз кезегінде Қытайға қарсы санкциялар саясатын жалғастыратын болады, деп мәлімдеді АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джен Псаки.

«ҚХР бізге бірқатар санкциялар енгізгені туралы хабардармыз... Бұл әрекеттер бізді тоқтатпайды», деді Псаки журналистермен өткен брифингте.

Бұған дейін Қытай бұрынғы Американдық Сауда министрі Уилбур Россқа және тағы алты жоғары лауазымды тұлғаға санкциялар салатыны хабарланған. Мұндай шаралар АҚШ Әділет министрлігінің Гонконгтағы Қытай шенеуніктеріне қатысты шектеулеріне жауап болды.