Токио Олимпиадасында Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты. Зілтемірші Игорь Сон Олимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық зілтемірші 61 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні бағындырса, серпе көтеруде 163 келіні еңсерді.
Осы орайда, төрешілер Игорь Сонның екі мүмкіндігін есепке алған жоқ.
Бұл Қазақстан командасы сапындағы екінші жүлде.