Бүгінгі ауылдық округ әкімдерін сайлау науқанында Жамбыл облысы, Шу ауданының белсенділігі жоғары болып отыр. Ауданның Өндіріс, Қорағаты және Жаңақоғам ауылдық округтерінде 4 сайлау учаскесі жұмыс атқаруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мұнда ауылдық округтердің әкімдігіне 9 үміткер ұсынылған. Аталған 9 кандидатты да түрлі саяси партиялар ұсынған. Тек «Ауыл» партиясының атынан түскен 1 үміткер ғана сайланудан бас тартқан.
Бүгінгі күнге Жаңақоғам, Қорағаты және Өндіріс ауылдық округтері бойынша 3846 сайлаушылар қатысады деп жоспарланған. Бұл сайлау науқанына 30 адам сенімді өкіл болып тіркелген. Сонымен қатар, 32 адам сайлау комиссия мүшелері болса, оның 29-ы толық вакцинациядан өткен. Ал, 3 адам вакцинаның 1-компонентін алып, қосымша ПТР тест өткізген.Қазіргі таңда ауданда сайлау жұмыстары қарқынды жалғасуда.