• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Шілде, 2021

Батыс Қазақстан: 900 адам өз үйінде дауыс берді

182 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының 31 ауылдық округінде ауыл әкімдерінің сайлауы белсенді жүріп жатыр. Жергілікті уақытпен 17.00 сағатта сайлаушылардың 70 пайызға жуығы өз таңдауын жасаған деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сайлау комиссиялары ұсынған деректерге қарағанда 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 17.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың 69,2%-ы алды. Соның ішінде: Ақжайық ауданы – 77,9%; Бәйтерек ауданы – 83,3%; Бөрлі ауданы – 68,1%; Бөкей ордасы ауданы – 77,4%; Жаңақала ауданы – 68,7%; Казталов ауданы – 76,1%; Қаратөбе ауданы – 68,9%; Сырым ауданы – 82,4%; Теректі ауданы – 56,4%», деп хабарлады Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақов.

Эпидемиологиялық күрделі жағдайға байланысты оқшауланған жандар және қарттар мен мүгедектер дауыс беруі үшін жылжымалы сайлау жәшіктері ұйымдастырылған болатын. Жергілікті учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері осындай 1300-дей адамға арнайы барып, таңдау жасау мүмкіндігін жасауды жоспарлаған. Барлық карантин талаптары сақталған осындай іс-шара нәтижесінде қазірдің өзінде 900-ден аса адам дауыс бергені хабарланып жатыр.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында 31 ауылдық округ әкімінің орнына барлығы 81 кандидат бақ сынап, сайлауға түскен.