• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Шілде, 2021

Павлодарда бір күнде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 113 фактісі тіркелді

183 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында бір күнде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 113 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Статистикаға сәйкес, қауіпсіздік белдігін тақпаудың 31 фактісі тіркелді, бұл заң бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігін қарастырады. Жаяу жүргіншілерді жібермеген 24 автокөлік жүргізушісі анықталды, тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабы 1-бөлігі «жаяу жүргіншіге артықшылық бермеу» бойынша жауапкершілікке тартылды. Бірақ, өкінішке орай, жаяу жүргіншілер де ережелерді қатаң сақтаумен ерекшеленбейді. Көлік жүретін бөлікті белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі бойынша 20 павлодарлық жауапкершілікке тартылды. Көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды сегіз жүргізуші пайдаланды, ал бес автоәуесқой бағдаршамның тыйым салатын сигналына барды. Айыппұл тұрағына жеті автокөлік қамалды. Бір күннің ғана қорытындысы осындай», деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Мәселен, 26 шілде күні сағат 01:05-те патрульдеу кезінде Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторлары Бектұров көшесі бойынша 26 жастағы ер адамның басқаруымен Isuzu Trooper автокөлігін тоқтатты. Сараптама нәтижелері көрсеткендей, жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған. Автокөлік айып тұрағына қамалды.