Германияда Кельнге жақын Леверкузендегі Chempark Currenta зауытында қауіпті қалдықтарды өртейтін зауыт жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Солтүстік Рейн-Вестфалия полиция қызметінің туиттердегі жазбасына сілтеме жасап.
Билік «төтенше қауіп» туралы ескерту жасады және жергілікті тұрғындардан есік-терезе ашпауын сұрады. Буршейд пен Лейхлингенті түтін басып кетті. А1, А3, А59 автобандары жабық.
Зауыттың өрт сөндіру қызметі сол жерде жұмыс істеп жатыр. Шалғай аудандардан келген өрт сөндіру машиналары да көмек көрсетуде.
Жарылыс сейсенбі күні таңғы сағат 9: 30-да болған. Оқиғаның неден болғаны белгісіз. Полиция бірнеше құрбан барын айтты.