Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1/8 финалда оған хорватиялық Донна Векич қарсы тұрды. Спортшылар арасындағы матч екі сетке созылды.
Рыбакина 7: 6 және 6: 4 есебімен жеңіске жетті.
Жартылай финалға шығу үшін ол испаниялық Гарбинье Мугурусамен бақ сынасады. Ойын ертең, 28 шілдеде өтеді.