Ауғанстанның ұлттық қорғаныс және қауіпсіздік күштері соңғы 24 сағат ішінде «Талибан» қозғалысының 187 содырын жойды, тағы 112 адамын жаралады. Бұл туралы сейсенбіде Ауғанстан қорғаныс министрлігі өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, өткен тәулікте ауған қарулы күштері Кунар, Логар, Газни, Хост, Кандагар, Урузган, Фаряб, Балх, Джаузжан, Саманган, Гильменд, Тахар, Құндыз, Бағлан және Каписа провинцияларында жауынгерлік операциялар жүргізді.
Балх провинциясында қауіпсіздік күштері Хайратон қаласын және Ауғанстан мен Өзбекстанды байланыстыратын стратегиялық маңызды көпір орналасқан Калдар ауданын «Талибаннан» босатты.
Ал «Талибан» Каписа провинциясындағы Дара Фаррох Шах және Дара Калан аудандарында қарсы шабуыл жасады. Фаряб провинциясында «Талибан» арнайы күштерінің командирлерінің бірі Кари Хайятулла өлтірілді.