Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 28 шілде №25 «Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы шықты, деп жазады Egemen.kz.
Жарлыққа сәйкес әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері өзгертілді.
«Ashyq» жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, косметикалық қызмет көрсететін орталықтардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, маникюр және педикюр қызметтерінің жұмысы уақыты 9:00-ден 20:00-ге дейін қықарады. «Көшбасшы» мәртебесі бар нысандар сағат 22:00-ге дейін жұиыс ісеуге рұқсат беріледі.
Сондай-ақ, құжатқа сәйкес, қызметкерлердің 80%-ына қашықтықтан жұмыс жасау ұсынылады. Бұл ретте COVID-19-қа қарсы вакцинацияның толық курсын алған қызметкерге ғана кеңседе жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Ashyq жобасына қатысатын қоғамдық тамақтану орындары сағат 7:00-ден 20: 00-ге дейін, «Көшбасшы» мәртебесіне ие қатысушылар 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ashyq жобасына қатысатын фуд-корттарға жұмыс уақытын 10:00-ден 20:00-ге дейін белгілеп, ауа рециркуляциясымен жұмыс істеуге рұқсат етіледі.
Монша жұмысына тыйым салынады. Ал Ashyq жобасына қатысатын фитнес орталықтары, спорттық кешендер, сауықтыру орталықтары, оның ішінде йога орталықтары сағат 6:00-ден 20:00-ге дейін, «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар 22:00-ге дейін ашық болады.
Ashyq жобасына қатысатын ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері және сауда желілері 8:00-ден 20:00-ге дейін, «Көшбасшы» мәртебесі бар қатысушылар - 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сенбі мен жексенбі күндері барлық нысан жабық болады.
Құжат туралы және басқа объектілердің жұмыс режимі туралы толығырақ ақпаратты Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтынан алуға болады.
Қаулы 2 тамызда күшіне енеді.