• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Шілде, 2021

Үндістанда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 18 адам қайтыс болды

185 рет
көрсетілді

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында жүк көлігі автобусты қағып кетіп, 18 еңбек мигранты қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ВВС-ге сілтеме жасап. 

30 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың арасында ауыр жарақат алғандар да бар.

Полицияның хабарлауынша, автобус жолаушыларды шектен тыс көп мінгізген. 

Премьер-министр Нарендра Моди өзінің твиттердегі жазбасында, қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандар мен қаза тапқандардың отбасыларына ақшалай өтемақы төленетіні жайында жариялады.

Соңғы жаңалықтар