• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Шілде, 2021

Антальядағы орман өртінен үш адам қаза тапты

223 рет
көрсетілді

Кеше басталған өртте Манавгатта 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz ntv.com.tr сайтына сілтеме жасап.

Өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Өрт шыққан аймақ кешеден бері қатты түтінге оранған. Ақсекидегі өрт Оймапынар бөгетіндегі су электр станциясына қарай ілгерілеп бара жатқаны туралы хабарланды.

Таңертең Ауыл және орман министрі Бекир Пакдемирли өрттің  бақылауға алынғанын айтқан, алайда желдің әсерімен жалын үдеп кеткен.

Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару министрлігінің хабарлауынша, өрттен 122 азаматымыз зардап шеккен. Оның 58-і ем алып жатыр. 3 адам қаза тапқан.