• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Шілде, 2021

Індеттен жазылғандарға вакцина қажет пе?

319 рет
көрсетілді

Қазіргі таңда күн тәртібінде күйіп тұрған басты мәселе – халықтың денсаулығын сақтап, індет шең­гелінен шығу. Осы ретте Алматыда өткен кезекті брифинг­те Қазақстанның Профилактикалық медицина ака­демиясының президенті Алмаз Шарман вакцина алмаған азаматтар мен антиваксерлердің жағдайын жүзіп келе жатқан кемеге қауіп төндіретін айсбергпен салыстырды.

«Мен әдетте осы аллегория­ны келтіремін: біз бәріміз кемеде жүзіп жүрміз және індет кезеңі жоқ, бетперде тағуға болмайтын аралдамыз. Бұл кеме­нің жолында кенеттен үлкен айсберг тосқауыл болады да, біз соған қарай бет алдық. Айсберг дертін жұқтырғандар – бұл вакцина алмағандардың бәрі. Айсбергке тап болмас үшін біз кемені тоқтату үшін бар күшімізді саламыз. Ол үшін тұмшаланып, карантин жариялаймыз. Инфекцияның алдын алудың  жалғыз жолы – айсбергті ерітетін  екпе салдыру. Ал мұны тек вакцина арқылы ғана жасауға болады», дейді Алмас Шарман.

Ғалымның айтуынша, вакцина алмаған қазақстандықтардың 80%-дан астамы өз денсаулығына және жақындарының, әсіресе қарт адам­­дардың денсаулығына қауіп төн­­діріп отыр. Вирусолог Алматы тұр­­ғын­дары екпе алу арқылы ко­ро­на­­ви­­рустың мутациясына ке­дер­гі кел­тіруі мүмкін екенін айтып, вирус вак­­­ци­наланбаған адам­дар­дың де­­не­сінде ғана өзгеретінін түсіндірді.

«Ғалымдар коронавирустың бұл нұсқасы неге жұқпалы екенін түсінді. Өйткені мутация геннің бір бөлігінде пайда болады. Ол интерферон деп аталатын иммундық молекуланың түзілуіне кедергі келтіреді. Бұл иммун­дық қорғанысты жұмылдыру үшін өте маңызды. Вирус адам ағзасына түскен кезде интерферон өндірісін тежейді, иммундық қорғаныс өте баяу басталады және вирус мұрын қуысында көп мөлшерде жиналып, жергілікті қабынуды тудырады. Жұқтырған адам түшкіре бастайды және инфекцияны тез таратады. Бұл – «Дельта» нұсқасының бірден-бір белгісі», дейді ғалым.

Сондай-ақ вирусолог корона­ви­русты қайта жұқтырудың себе­бін түсіндірді. 2020 жылдың қара­ша айында АҚШ-та жүргенде ол Джонс Хопкинс пен Стэнфорд уни­вер­ситетіндегі әріптестерімен қайта жұқ­тырудың бес жағдайын тал­қы­ла­ған және аурудан кейін иммундық қор­ғанысты зерттеу қиын деп санайды.

«Енді біз ауырған және антиде­не­лері бар адамдар да қайтала­натын инфекцияларға ұшырауы мүм­кін екенін түсіндік. Бұл вирус­тың мутациясына байланысты. Қа­зір түрлі мәліметтер бойынша жаңа ин­фекциялардың шамамен 20%-ы бұрын ауырған азаматтарда бай­қалды. Бұл науқастар үшін вак­цинаның маңыздылығын көрсетеді. Вакцина иммундық қорғанысты айтарлықтай күшейтуге және қайта жұқтырудан қорғануға көмек­те­седі», деді А.Шарман.

Ғалым Алматыдағы індет тара­луы­ның үлесі қарт адамдардан жас адамдарға ауысқанын атады. Олар иммундық жүйені жаттықтыру үшін вакцина алуы керек.

 

АЛМАТЫ