Алматының Медеу ауданы бірнеше күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Egemen.kz «Алматы жылу желілері» ЖШС-не сілтеме жасап.
9 тамыздан 13 тамызға дейін Гурилев – Үштөбе – Тәтібеков – Блок көшелерінің төрттігіндегі үйлер ыстық судан ажыратылады. Бұл шектеулер қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіледі.
Компанияда қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.