• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Шілде, 2021

Антальядағы өрт курорт аймағына жетті - зардап шеккендер бар

476 рет
көрсетілді

Түркиядағы орман өрті курорт аймақтарына жетті. Анталияны түтін басты, Мармарис пен Бодрумда туристер теңіз арқылы эвокуацияланып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Түркия билігі өртті ұлттық апат деп жариялады. Жеті провинция бірден жанып, туристік аймақтар зардап шегіп жатыр.

Жергілікті төтенше жағдай басқармасының хабарлауынша, апат кем дегенде төрт адамның өмірін алды, 180-нен астамы жарақат алды.

Түркия президенті өртті сөндірудің барлық мүмкіндігі жұмылдырылғанын айтты. Көршілес елдер Анкараға көмек ұсынып жатыр. Өрт сөндіруге Ресей авиациясы қатысады, грек билігі өртті сөндіруге көмектесуге дайын.

Бодрум курорттық аймағының бірнеше жерінде орман өртінің өршіп, бес мыңға жуық адам тұратын қонақүйлерге жақындады. Туристер мен қызметкерлер басқа жаққа көшіріліп жатыр.

Түрік баспасөзінің хабарлауынша, мармаристе де кейбір қонақүй тұрғындары теңіз арқылы көшіріліп жатыр. Себебі жол бойын өрт шарпыған. 

 

Өрттің шығу себептері қарастырылып жатыр. Түркияда қазір 40 градус ыстық. Адами фактор да жоққа шығарылмайды.