Жұма күні Молдова Президенті Майя Санду Наталья Гаврилицаны елдің премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Санду әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
«Бүгін парламенттік фракциялармен консультациялардан кейін мен Наталья Гаврилицаны республиканың премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойдым. Гаврилицаға екі аптада команда құрып, үкіметтік бағдарламаны әзірлеп, оны парламентке ұсынуға болады», деді мемлекет басшысы.
Санду тағайындалған премьер-министр кәсіби топ құратындығына және ең көп дегенде екі апта ішінде Молдова республикасында жаңа үкімет құрылатынына сенім білдірді.