Ауғанстандағы Герат қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ғимаратына жасалған шабуылда ауған полициясының қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz RT сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының (МООНСА) хабарламасында жазылған.
Хабарламада БҰҰ-ның штаб-пәтері гранатометрлік және артиллериялық атысқа ұшырағаны атап өтілді.
Ауған полициясының бірнеше офицері дене жарақаттарын алса, тағы бір полиция қызметкері көз жұмды.