Елена Рыбакина Қазақстан қоржынына төртінші қола медаль салуы керек еді. Алайда Рыбакина сынық сүйем қалғанда сүрінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Токио Олимпиадасында қола жүлде үшін болған кездесуде теннисшіміз украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.
Бірінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жеткен Елена үшін екінші және үшінші кезең өте қиын өтті. Екінші кезеңде мінез көрсеткен украиналық теннисші 7:6 есебімен басым түсті. Тіпті, үшінші сетте де белсенді ойнап 6:4 есебімен жетті. Қорытынды есеп 6:1, 6:7, 4:6 украиналық теннисшінің пайдасына шешілді. Осылайша елді елең еткізген Елена қолда тұрған қола жүлдеден айырылып қалды.