Вакцина жергілікті медициналық ұйымдарға таратыла бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысына коронавирустық инфекцияға қарсы 5010 доза отандық вакцина әкелінді. QazVac аймақтағы медициналық қоймаларға жеткізілді.
- QazVac-тың бір бөтелкесінде үш доза бар. Егер «Спутник V» бес адамға бөлінсе, QazVac үш адамға бөлінеді, - деп түсіндірді облыстық денсаулық сақтау басқармасындаБүгін таңертеңнен бастап барлық медициналық ұйымдар вакцинаны қоймадан ала бастады. Партия отандық вакцинаның екі компонентінен тұрады. Әр компоненттен 2505 дозадан келді.