Қазақстанда 1 тамыздағы мәлімет бойынша 98 931 адам коронавирус инфекциясынан (96 145 КВИ+ және 2 786 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Олардың арасында 28 162 пациент стационарда, 70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
1 652 адамның жағдайы ауыр,
417 пациенттің жағдайы өте ауыр,
187 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.