Бокстан Токио Олимпиадасының ширек финалдық кездесулері жалғасуда. Бүгін Қазақстан атынан шаршы алаңға 75 келідегі Әбілхан Аманқұл шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әбілхан ширек финалда бразилиялық Эберт Консейсан Соузамен кездескен болатын. Тартысты бәсекеде бразилиялық боксшы 3:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға өтті.
Өкінішке қарай, Әбілхан Аманқұл үшін Олимпиада аяқталды.