Құтқарылғандардың көбі Сирия, Нигерия, Камерун мен Ганадан шыққан азаматтар, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Анықталғандай, босқындар мінген қайық апат сигналын бергеннен кейін құтқарушылар азаматтарды аман алып қалу үшін 4 рет арнайы операция ұйымдастырған. Қазір босқындардың бәрі құтқару кемесінде. Жағаға түсу үшін арнайы рұқсат берілуін күтуде.