• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Тамыз, 2021

Ыстықкөлде жоғалып кеткен қазақстандықтың мәйіті табылды

1106 рет
көрсетілді

Бүгін Ала-Көл жайлауындағы Қаракөл өзенінен 15 шілдеде жоғалып кеткен туристің мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға орнына 6 құтқарушы және полиция қызметкерлері барып, денені судан алып шыққан. Оның іздеуде болған 1992 жылғы Қазақстан азаматы екенін анықталды.

Айта кетейік, 15 шілде күні Қазақстан және Ресейден барған 5 турист Ақ-Суу ауданындағы Алакөл жайлауында демалыс ұйымдастырған. Олар бәрі бір отбасының мүшелері. Сол күні 29 жастағы Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалып кеткен. Әкесінің айтуынша, қызы Қаракөл өзенінің маңында топтан кеткен, содан оралмаған.