• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 02 Тамыз, 2021

Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты

245 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшы Наталья Сергеева байдарка есуден Олимпиаданың ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Токиода байдарка мен каноэ есуден сайыстар басталды. Әйелдер арасында 200 м қашықтықта байдаркада есу бойынша қазақстандық Наталья Сергеева қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша ол тиісті қашықтықты 46, 657 уақытта бағындырып, алтыншы орынға тұрақтады. Нәтижесінде, қазақстандық атлет ширек финалда өнер көрсетеді.

Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика бойынша сайыстар басталды. Бүгін, 2 тамыз күні әйелдер арасында 200 м қашықтық бойзынша іріктеу кезеңі өтті. Қазақстан сапынан аталған санат бойынша Ольга Сафронова қатысты. Тиісті қашықтықты 23,64 секундта бағындырған ол өз тобында алтыншы болды. Жартылай финалға 1-3 орын алған спортшылар жолдама алды.

Одан бөлек, бүгін әртістік жүзуден Александра Немич пен Екатерина Немич (сағ. 16:30), су добынан (ерлер) топтық кезеңде Қазақстан – Австралия кездесуі өтеді (сағ. 16:50).