• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1417

325 рет
көрсетілді

2013 жылғы 28 желтоқсан,  Астана, Үкімет Үйі«Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы № 1508 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 17-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларында:5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«5. Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу жағдайында теңгерімдеуші нарық субъектілерінің өзара іс-қимыл жасау тетігін пысықтау, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр жүйесіндегі электр энергиясын өндіру-тұтынудағы теңгерімсіздіктің нақты шамаларын айқындау, реттеуші қуатқа қажеттілігін нақтылау, теңгерімдеуші электр энергиясының бағалар ауқымын айқындау мақсатында теңгерімдеуші нарықтың жұмысы 2016 жылға дейін имитациялық режимде жүзеге асырылады.».2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар