• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Тамыз, 2021

Атыраулық азамат жарылғыш зат туралы жалған хабар берген

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Полицияға кеше, 1 тамызда сағат 21:45 шамасында жарылғыш зат туралы хабар түсті. Осыған байланысты полиция қызметкерлері арнайы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізді. Тексеру кезінде 1976 жылы туған азаматтың жалған хабар бергені анықталды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір жалған ақпарат берушіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеу басталды.

 

Соңғы жаңалықтар