• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Тамыз, 2021

Атыраулық медбикелер жалған вакцина паспортын 100 мың теңгеге сатқан

5529 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау қаласындағы емхананың екі медбикесі пациенттердің вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты енгізгені анықталып отыр.

«Полиция департаменті мен облыстық прокуратура қызметкерлерінің бірлескен жедел іс-шарасы кезінде 1989 және 1993 жылы туған екі медбике ұсталды. Олар вакцинаның әр компонентіне 50 мың теңге, екі компонент үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аудартып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға келіп, вакцина алмай-ақ вакцина паспортын алып жүрген. Медбикенің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізіп,  екіншісінің вакцина сұйықтығын құйтырқы әрекетпен пациентке екпегені анықталды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдікті медбикелерге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 206-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.