• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Тамыз, 2021

Спортшы қысымға ұшырағанын мәлімдеді

147 рет
көрсетілді

Жеңіл атлет Крис­тина Тимановская Олим­пия ойын­д­арында Беларусь құра­ма­сының басшылығы оның 4х400 метрлік эстафетаға қатысатыны тура­лы шешім қабыл­дағанына наразылық білдіріп, әлеу­­меттік желіде сынға алды. Спортшының айтуын­­ша, бұл оның дайындалған бейіні емес. Бір күн­нен кейін Беларусь құрамасының өкілдері Ти­ма­нов­скаяны Минскіге қайтаратынын хабарлады.

Спортшы болса, Халықаралық Олимпиада комитетінен көмек сұрады. Токио әуежайындағы келеңсіздіктерден кейін беларусьтік спринтер Кристина Тимановская қазір қауіпсіз жерде деген хабар тарады.

«31 шілдеде маған Ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Моисевич келді. Ол 200 метрге жүгіруден бас тартуымды ұсынды. Оның айтуынша, мен жарақатым бар деп елге оралуым керек. Қазір мені тек Олимпиададан алып тастағысы келеді, бірақ егер ұсыныстан бас тартсам және сайысты жалғастырсам, онда олар мені құрамадан шығарып тастайды, жұмыстан айырады және басқа да салдары болуы мүмкін.

Жаттықтырушы екеуміз ұзақ сөйлестік, нәти­жесінде, мен жарысқа қатысамын деген шешім­ге келдік. Бірақ ешқандай түсініктеме бермей­мін. Тек жүгіргеннен кейін ғана үйге қайтамын. Дегенмен ойым іске аспады. Кеше менің бөлмеме Беларусь ұлттық құрамасының өкілі Артур Шумак пен бас бапкер келіп, бірнеше сағаттың ішінде әуежайда болуым керектігін айтты.

Киімімді ұзақ жинадым. Сол кезде жолдасыммен, туыстарыммен хабарластым. Соңында қазір үндемей жиналып, әуежайға жеткен соң полицияға шағымданамын деп ұйғардым. Олар 10 минут са­йын келіп тексеріп тұрды. Әуежайға жеткен соң, полицияға бардым», деді ол.

Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, спортшы Ханеда әуежайына жете салысымен, полицияға шағымданған. ХОК қазір спортшы ұйымның қарауында және жағдайы жақсы екенін хабарлады.