• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Тамыз, 2021

3 жастан асқан балаларға вакцина салуға рұқсат берілді

408 рет
көрсетілді

Біріккен Араб Әмірліктері 3 жастан асқан балаларға қытайлық Sinopharm вакцинасын қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Тиісті шешімді Денсаулық сақтау министрлігі Абу-Дабидегі 900 еріктіні сынақтан өткізгеннен кейін қабылдады. Бірақ, бұған қарамастан, зерттеу нәтижелері әлі жарияланған жоқ.

БАӘ Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тамыздың басында халықтың 78 пайыздан астамы - шамамен 9 миллион адам вакцинаның алғашқы дозасын алды. Вакцинацияны аяқтағандар - 70 пайыз.

Қазақстанда 12 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды Pfizer препаратымен вакцинациялау мәселесі қарастырылуда. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың таңдау құқығымен ерікті түрде өткізілетінін атап өтті.