• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2021

Инспекторларға оқ атқан браконьерлер ұсталды

208 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында «Қызыл кітапқа» енген жануарды өлтіріп, жасырынуға тырысқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Браконьерліктің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында «Охотзоопром» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының инспекторлары Жалағаш ауданынан Шардара ауданының тұрғынын ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның сөмкесінен «Қызыл кітапқа» енгізілген қарақұйрықтың ұшасы табылды», деп хабарлады ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Күдіктілер ұсталған жерге жедел-тергеу тобы шақырылды.

«Инспекторлар полиция қызметкерлерін күткен кезде, оқиға орнына Қызылорданың екі тұрғыны келіп, инспекторлардың қызметтік автокөліктерінің бірінің дөңгелегіне мылтықтан оқ атқан. Нәтижесінде, инспекторларға қауіп төндірген браконьерлердің сыбайластары жануардың ұшасын алып қашты», деді ҚР ЭГТРМ баспасөз қызметі.

Полиция инспекторлары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері браконьерлерді ұстады.

Аталған факті ҚР ҚК 337-бабының 4-тармағы «Заңсыз аң аулау» және 380-бабының 2-тармағы «Билік өкіліне қатысты күш қолдану» бойынша Жалағаш аудандық полиция бөлімшесінде тіркелген.