• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 03 Тамыз, 2021

Әсет Ерғалиев кәсіпкерлікті реттеудің жаңа тәсілдерін айтты

426 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдері туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бизнестің жүктемесін азайту, оңтайлы және тиімді реттеу жүйесін қалыптастыру үшін кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдері нөлден бастап қалыптасуда», деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуыша, негізгі бағыттар қатарында мемлекет пен кәсіпкерлік арасындағы өзара әрекеттестіктің негізгі принцибін, талаптарды белгілеу шартын, нормативтік шағымдану институтын, эксперименттік құқықтық режимді жетілдіру; міндетті талаптардың тізімі, есеп беруді автоматтандыру, мемлекеттік бақылауды жетілдіру, бизнес үшін ретроактивті құқықтық актілерді қолдануды болдырмау бар.

«Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы Парламентте қаралып жатыр», деді Ә.Ерғалиев.