• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

Ақпараттар ағыны

260 рет
көрсетілді

*Биыл еліміз өнеркәсіптік мақсатқа бекірені аулауды тоқтатады. Оның басты себебі, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуімен байланысты болып тұр. Бұл шешім Ресей, Әзербайжан, Иран, Қазақстан мен Түркіменстан елдері арасында жүргізілген келіссөзге сәйкес қабылданды.

*Биыл еліміз өнеркәсіптік мақсатқа бекірені аулауды тоқтатады. Оның басты себебі, Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуімен байланысты болып тұр. Бұл шешім Ресей, Әзербайжан, Иран, Қазақстан мен Түркіменстан елдері арасында жүргізілген келіссөзге сәйкес қабылданды.

* Алматы қаласында физика және информатика пәндерінен X халықаралық Жәутіков олимпиадасының кезекті сынағы өткізілуде. Бұл жолы сайысқа әлемнің 17 елінен 57 команда келді. Қазылар құрамында 8 елдің ғалымдары бар.

* Оңтүстік Қазақстан облысында таусағыздан каучук алынды. Жергілікті ғалым Арыстанбек Ешібаев арнайы тұқымбақта өсірілген каучуктың өсіп-жетілуін бес жыл бойы зерттеп, осындай нәтижеге қол жеткізді. Жағымды жаңалыққа Канаданың ғалымдары оң бағасын берді.

* Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск бейорганикалық өнімдер зауытының жұмысы қайта жанданатын болды. Ол үшін облыс бюджетінен және «Қазинжиниринг» компаниясынан арнайы қаржы бөлінеді. Бұл зауыт бұған дейін өндіріске қажетті заттарды өндіріп келген.

* Ақмола облысында түрлі деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп бере бастады. Тұрғындардан түскен сауалдардың басым бөлігі тұрғын үй мен коммуналдық салаға қатысты болды. Ол бойынша жергілікті билік өкілдері қозғалған мәселенің кезең-кезеңімен шешім табатынына сенім білдірді.

* Ақтөбе облысында 57 жер телімі мемлекетке қайтарылды. Жалпы, кадастрлік құны 3,7 млрд. теңге болатын жер телімдері біраз уақыт бос жатқан. Жергілікті сотта жер теліміне қатысты тағы 18 шағым қаралуда. Сонымен қатар, 47 жер иесіне ескерту қағазы берілді.

* Батыс Қазақстан облысында бүгінгі күні 77120 ардагер тұрады. Соның 319-ы Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ендігі жерде жергілікті билік жеңілдікті пайдаланатын майдангерлермен бірге әлеуметтік көмекті қажет ететін басқа да азаматтарға Орал қаласындағы қоғамдық көліктерде тегін жүру мәселесін қарастыратын болды.

* Жақын арада еліміздегі мемлекеттік жоғары оқу орындарында бақылаушы кеңес құрылады. Бұл жаңа құрылымға 50-ден аса оқу орнын көшіру жоспарланған. Қазір Білім және ғылым министрлігі оның негізін қалайтын нормативтік базаны дайын­дау үстінде. Осы іс аяқталғаннан кейін ректор өз жұмысы мен жос­парын жаңадан құрылатын кеңес мүшелерімен ақылдасып, бекітетін болады.

Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар