• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Тамыз, 2021

Атырауға QazVac вакцинасы жеткізілді

277 рет
көрсетілді

Мұнайлы өңірге отандық QazVac вакцинасының 990 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл  вакцинаны тек үш емханадан алуға мүмкіндік бар.

«Аймақтағы фармацевтикалық қоймаға QazVac вакцинасының 990 дозасы жеткізілді. Яғни, вакцинаның әр компоненті үшін 495 дозадан бар. Бұл вакцинаны Атырау қаласындағы №4, №5 емханадан, сондай-ақ Еркінқала отбасылық-дәрігерлік амбулаториясынан алуға болады», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Енді жақында Спутник V вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілмек.