Қырғызстанның экс-Премьер-Министрі Темір Сариев ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.
«Тергеу әрекеттерінің нәтижелері мен іс бойынша алынған дәлелдемелер негізінде 3 тамызда тергеу Сариевті ұстау туралы шешім қабылдады. Ол Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп хабарлады ҰҚК.
Тергеу мәліметтері бойынша, Сариев Экономика министрі, сонымен бірге тиісті Мемлекеттік комиссияның төрағасы бола отырып, «Құмтөр» кенішінің жұмысынан қоршаған ортаға келтірілген зиян мөлшерін бірнеше миллиард сомға төмендетіп көрсеткен, нәтижесінде мемлекет үлкен шығынға ұшырады.
Сариевті тергеу жұмысы жалғасатыны айтылды. Алдағы 48 сағатта Первомай аудандық соты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесін қарайды.