• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Тамыз, 2021

Уханьның барлық тұрғыны COVID-19 тестінен өтеді

145 рет
көрсетілді

Эпидемияның және COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу үшін Қытай билігі Уханьның барлық тұрғындарын тексеруді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл шешімді қала әкімшілігі бас хатшысының орынбасары Ли Тао мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

«Біз барлық тұрғыннан коронавирусқа тест алуды бастаймыз, оны тезірек аяқтауды жоспарлап отырмыз және мүмкіндігінше тез әрекет етеміз», деді ол баспасөз конференциясында.

Уханьға іргелес Хубэй провинциясында көптеген айда алғаш рет инфекция жұқтырған адамдар анықталды. Аймақта қазірдің өзінде 14 жағдай тіркелген, оның ішінде асимптоматикалық тасымалдаушылар да бар. Оның сегізі Ухань қаласында.

Қытайдағы 2021 жылғы халық санағы бойынша Уханьда 12,3 миллион халық тұрады.