• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
15 Қаңтар, 2014

«Сырғалымның» сыры көп

511 рет
көрсетілді

«15 қаңтарда сағат 21.50-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Сырғалым» атты жаңа отандық телехикая көрсетіледі», деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

«15 қаңтарда сағат 21.50-де «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Сырғалым» атты жаңа отандық телехикая көрсетіледі», деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

Оқиғалар желісі қарапайым қазақ отбасының күнделікті тыныс-тіршілігін  баяндаудан бас­талады. Бір күні қалада ғұмыр кешетін Жантөренің шаңырағына ауылдан отағасының жақын досының қызы келеді. Қалалық отбасында тәрбиеленіп жатқан үш ұл алғашында қызды жақтырмай қарағанымен, кейін оқиға желісі басқа арнаға бұрылады. Үлкен ұл ауыл қызына қамқорлық танытса, ортаншысы оған ғашық болады. Ал, кенже ұл қызды отбасынан алыстатуды ойластырады.

Қаймағы бұзылмаған ауыл тәрбиесін көріп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындап өскен қыз бала қазақы болмысты ұмытуға шақ қалған қала тұрғындарының өміріне үлкен өзгеріс әкеледі. Жаңа телехикая әдемі  қалжыңдар мен көрерменге ой салатын өмір­лік оқиғалармен көмкерілген. Ұзақ­тығы 42 минуттық 48 бөлім­нен тұратын мелодрама қазақ салт-дәстүрінің артықшылығын дәріп­теп, төзімділік, қайы­рым­дылық, қо­нақжайлылық сынды қасиеттерді насихаттайды.

«Сырғалым» телехикаясының қоюшы режиссерлері Рәшид Сү­лей­менов, Дмитрий Коробкин. Бас­ты рөлдерді Жұлдыз Маханова, Шер Әлі, Омар Қиқымов, Қалам­пыр Айсанғалиева, Әлихан Ыды­ры­шев, Жандарбек Садырбаев сомдайды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар