• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Тамыз, 2021

Covid-19: Алматыда қосымша төсек-орындар бөлінді

363 рет
көрсетілді

Алматыда коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін қосымша төсек орындар жабдықталды. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгінгі күні қалада 7 045 төсек-орын бар. Жақында ғана орын саны 6 мың болған. Соңғы күндері аурудың өршуіне байланысты қосымша төсек орындары дайындалды. Резервтік төсектер Оқу-клиникалық орталығы сияқты орындарда дайындалған. Сонымен қатар Гончарная көшесіндегі Фтизиопульмонология орталығында қосымша 100 орын құрылды. Гуманитарлық-педагогикалық колледждің ғимараттарында да 300 төсек-орын дайындалды. Ертеңнен бастап «ХАК» медициналық орталығының базасында 130 орын ашылады. Тағы басқа ұйымдар да қосылуда», деді ол Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, қалада 700 жансақтау орны дайындалған, бүгінгі күні олардың 310-ында науқастар жатыр. Жансақтау орындарының 44% бос емес. Бұған дейін хабарланғандай, эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда Алматы стационарларында орын саны 10 мыңға дейін арттырылатын болады.