• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Тамыз, 2021

Індет жұқтыру тіркелген деректен көп болуы мүмкін

210 рет
көрсетілді

Облыстық эпидемиялық-санитарлық бақылау департаментінің мәліметінше, Павлодар облысы – індет жұқтыру көрсеткіші бойынша әлі де «қызыл аймақта». Қазіргі кезде өңірде 30 934 науқас тіркелген.

Департамент басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Ақылбекова індет жұқ­тыру бойынша күніне 200-ге жуық жағ­дай тіркелетінін айтты. Сондай-ақ жыл басынан бері 6 023 рейд жүргізген мо­ниторингтік топтар 36 163 нысанды тек­серіп, нәтижесінде 203 әкімшілік айып­пұл салып, сотқа 24 материал тап­сыр­ған.

Қазір өзі әр басқарма, әр департамент беретін мәліметтердің сапырылысқан сан­дарынан жаңылысып та қаласыз, әрқай­сысы әртүрлі мәлімет береді. Мұны облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов та бай­қаған болу керек.

– Іс жүзінде заң бұзушылық көрсет­кіш­терінің ресми тіркелген жағдай­лардан әлдеқайда көп екенін байқаймыз, демек мониторинг топтары жұмысының тиімділігі төмен, – деп атап өтті әкім.

Бірі 200 науқас десе, екіншісі 130, үшіншісі тағы бір басқа мәлімет таратады. Ал облыс орталығындағы жұқпалы аурулар бөлімдеріндегі 2 110 орынның жартысынан көбі бос көрінеді.

Департаменттің хабарлауынша, тәулік сайын науқастар көбеюде. Мысалы, облыс орталығында – 135, Екі­б­ас­тұзда – 85, Ақсуда – 30, Ақтоғайда – 8, Павлодарда – 7, Тереңкөлде – 4, Ертіс, Шарбақты және Аққулы – 3, Успен аудандарында 2 науқас тіркелген. Ал ауру жұқтырғандардың 60 пайызы – облыс орталығында. Қалған науқастар санының 306 433-і өңір тұрғындары болса, 291 адамның басқа өңірлерден келгені анықталған.

Бір-бірімен байланыста болған адамдар арасында 9 371 науқас, суық тигі­зіп, пневмониямен ауырып, өзді­гі­мен қаралғандардан 18 728, ал профи­лак­тикалық мақсатта жүгінгендер арасында 2 544 науқас тіркелген. Жалпы, шілденің соңғы аптасындағы ахуал бойынша сырқаттанғандар арасында 19 шілдеден 25 шілдеге дейін 1 402, ал 26 шілде мен 1 тамыз аралығында 1 818 науқас түскені жайлы хабарланған.

Өңірлік коммуникациялар қызметін­де өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазиновтің хабарлауынша, қазір 1 283 науқас ауруханада емделуде. Жыл басынан бері өңірде 225 адам көз жұмса, қайтыс болғандар саны шілде айында да күрт өскен. Бір айдың ішінде 60 адам қайтыс болыпты.

Індетке қарсы екпе салдырушылардың саны 217 мыңнан асты. Бұл облыс тұрғындарының 19,5 пайызын құрайды. Емханаларға Спутник V вакцинасының 10 мың дозасы, QazVac-тың 5 мың дозасы жеткізілді.

Екпе алғандар арасында ауы­рып жатқандар да бар екен. Бірінші ком­по­нен­тін салдырған 126 адам тір­келсе, екі компонентін бірдей алған бір адам жансақтау бөлімінде жатыр. Соңғы бір­неше күннің ішінде аяғы ауыр 10 әйел­ден індет белгісі байқалған. Қазір 44 аяғы ауыр әйел емделуде.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы екпе егу орындарын аралап шықты. №3 емханада вакциналау барысының төмендегені айтылды. Тағы бір мәселе, тұрғындар екпе алу үшін жарты сағат кезек күту керек екен. Облыс әкімі күту уақытын қысқарту үшін емханада қосымша басқа да орындар ашуды тапсырды.

Ал №4 емханада кезек болмау үшін бірінші және екінші компонентін алатын тұрғындар қатарын екіге бөлу туралы шешім қабылданыпты. Алғашқы екпені емханадан алса, екіншісін, Ertis Olympic ғимаратындағы арнайы жабдықталған орыннан ала алады.

Келесі кезекте Profimed жекемен­шік клиникасында 8 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Бұл жерде барлық тұрғын ерікті түрде екпе ала алады. Бүгінге дейін клиникада 3,6 мыңнан аса адам екпе алыпты.

Одан кейін облыстық әкімдікте «Вакциналаудың қарқыны неге төмен?» деген тақырыпта COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел іс-қимыл штабының отырысы өтті.

– Санитарлық қызмет жүргізген эпи­­демиялық зерттеулерге сәйкес, ін­­дет­­тің жаппай таралуы қоғамдық көлік­тер­де, тойларда, сауда орталықтары мен базарларда кездеседі. Әлі күнге дейін санитарлық нормаларды сақтау мә­дениеті қалыптаспаған, – деді облыс әкімі.

 

Павлодар облысы