Ресей Антарктидадағы ғылыми стансаларын жаңартып, ондағы техникаларды күшейте түспек. Бұл турал ИТАР-ТАСС хабарлады.
Табиғи ресурстар мен табиғатты қорғау министрі Сергей Донской Ресейдің антарктидалық зерттеулер саласындағы жетекші орынды сақтап келе жатқанын айтып өтті. Оның ойынша, Антарктидадағы ғылыми зерттеулер Ресейдің құрлықтағы геосаяси мүдделерін қанағаттандыратын негізгі құрал болып табылады.
Сонымен қатар, Ресейдің табиғи ресурстар мен табиғатты қорғау министрлігі «Антарктидадағы ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды ұйымдастыру және қамтамасыз ету» бағдарламасын қаржыландыруда біршама өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.
Мұндай шаралар әлемдік маңызы бар ғылыми зерттеулерді жалғастыруға және Антарктидадағы Ресей стансаларының инфраструктурасын жаңартуға мүмкіндік береді.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com
Фото: Itar-tass.com